
БҚО бойынша МКД қызметкерлері заңсыз алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін және мұнай өнімдерін сатуды анықтау бойынша жекелеген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер жүргізуде.
Осы аптада тексеру барысында Орал қ., Ақсай қ. және Сырым ауданының Жымпиты а. аумағында акциздік маркаларсыз 858 темекі қораптары және тиісті құжаттарсыз 3 200 бөтелке (банкалар) анықталды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша әкімшілік материалдар жасалып, шара қолдану үшін сот органдарына берілетін болады.
Жыл басынан бері БҚО бойынша МКД барлығы 88 бұзушылық анықталып, 24 615 литр алкоголь өнімі, 18 980 дана темекі өнімдері және 3 тонна мұнай өнімдері тәркіленді. Барлық фактілер бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
Айыппұл санкцияларын болдырмау үшін алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін, мұнай өнімдерін сататын салық төлеушілерді жоғарыда көрсетілген өнімді өткізу кезінде ҚР заңнамасын қатаң сақтауды сұраймыз.
БҚО бойынша МКД