Date of publication: 23.07.2019 18:47
Date of changing: 23.07.2019 18:48

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  басшылығы бұрынғы   органдарының ардагері Маншук Рахметовна Рахметованың 70 жасқа толу мерейлі туған күнімен құттықтап, деніне саулық, ұзақ   ғұмыр, отбасына береке-бірлік тіледі.

Маншук Рахметовна Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет атқару кезінде өзін кеден ісі саласындағы тәжірибелі, кәсіби маман, басқару және ұйымдастырушылық қабілеті бар жоғары білімді, білікті және жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. Өзіне және қарауындағы қызметкерлерге талап қоя білетін, принципшіл, әділ, алдына мақсат қоя алатын қызметкер ретінде танылды.

 Жоғары кәсіби шеберлігімен, белсенді өмірлік ұстанымымен ерекшеленген Маншук Рахметовнадан тәлім алып, осы қызметкердің тәжірибелік өнегесін өз қызметтеріңде ұштастыра білген жас мамандар бүгінде  әр салада жоғарғы лауазымдарда қызмет атқарады.

Бүгінде Маншук Рахметовна зейнеткерлік демалысында Ардагерлер қауымдастығының қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.

 

БҚО бойынша МКД