
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында 2019 жылдың 23 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Орал-кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінде Адам ресурстары басқармасының қызметкерлері лауазымды тұлғаларға пара беру және заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін жауапкершілікке тартылу жағдайлары көрсетілген парақшаларды тарата отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және делдалдармен кездесу өткізді.
Сонымен қатар, парақшаларды тарату барысында сыбайлас жемқорлық көріністері пайда болған кезде көрсетілетін қызметті алушылардың іс-әрекетіне түсініктеме берілді, сондай-ақ сыйлықтар тарату, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына пара бергендері үшін қандай қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндірілді.
БҚО бойынша МКД АРБ