Date of publication: 22.07.2019 17:48
Date of changing: 22.07.2019 17:49

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің лауазымды тұлғалары Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, 2019 жылдың 17 шілдесінде Жамбыл облысының Мерке ауданы Андас батыр ауылында Қырғызстан Республикасының тіркеу нөмірімен үш жүк тиелген «Mercedes-Benz» автокөлігі ұсталды.

Тексерудің нәтижесінде аталған көлік құралдарының Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласынан келе мемлекеттік шекараны «Сыпатай батыр» бақылау-өткізу бекеті арқылы өтіп, 28 800 банкі «Gorilla»  алкогольсіз  сусынның тауарға ілеспе құжаттарсыз өткендігі анықталды.

Бұл факт бойынша Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағынан келген еліне шығарылды.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі