
ҚР ҚМ 22.04.2019 жылғы № 370 бұйрығымен бекітілген ЭШФ жазып беру ережелеріне сәйкес 2019 жылғы 01 шілдеден бастап барлық импортталған тауарлар үшін тауарларға арналған Декларацияның № 15 бағанын, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің, СТ-1 немесе СТ-KZ және 16 бағанды тауарларға арналған декларациясынан немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі міндетті түрде толтыру қажет.
2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 15-бағанда тауарларға арналған декларацияның немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің тіркеу нөмірі және 16-бағанда тауар позициясының нөмірі шығу тегі "1" белгісі бар тауарларды өткізу кезінде ғана, яғни импортталған тауарларды алып қою тізбесіне енгізілген тауарлар үшін міндетті түрде көрсетілуге жатады.
2019 жылғы шілдеден бастап шығу тегі "2" белгісі бар (импортталған, алып қою тізбесіне кірмейтін) тауарларды өткізу кезінде электрондық шот-фактурада ТД немесе СЕН 328 тіркеу нөмірін, сондай-ақ импорт құжаттарындағы тауар позициясының нөмірін көрсету қажет, олай болмаған жағдайда салық төлеуші ЭШФ жібере алмайды!
БҚО бойынша МКД