Date of publication: 21.06.2019 17:26
Date of changing: 21.06.2019 17:29

2019 жылдың 20 маусымында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті уақытша сақтау орындары (УСО) иелерімен есеп ұсыну тәртібін, УСО иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен көзделген жауапкершілік шараларын түсіндіру мақсатында УСО иелерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел» өткізді.

Департамент басшылығы отырыс қатысушыларына Комитет тарапынан жүргізілген талдау нәтижесінде кейбір УСҚ иелерімен есеп бойынша дұрыс емес мәліметтер ұсынылатынын,  олардың тізілімге енгізу шарттарын (жалға алу шартының, таразы жабдығының тексеру сертификаттарының, АҚЖ сақтандыру шарттарының мерзімі және т.б.) сақтамайтын жағдайлар орын алғандығы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен көзделген жауапкершілік шараларын түсіндірді.

         Отырыс барысына Уақытша сақтау орындарының иелері қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

         Кездесуді қорытындылай келе, Департамент басшылығы кездесуге қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін және сындарлы әңгімелері үшін алғысын білдірді.