
2019 жылдың 19 маусымында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кеден өкілдерімен кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша жұмыс кездеуі өтті.
Департамент мамандары кездесуге қатысушыларға кедендік реттеу саласындағы өзгерістер туралы ақпараттарды жеткізді.
ҚР ҚМ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасарының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Бұйрығымен, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайлар, олардың шарттары және алдын ала шешімді беру мерзімдері бекітілген.
Сонымен қатар, кездесуде кеден өкілдерімен ЕАЭО және ҚР кедендік заңдылықтарының сақталуын қамтамасыз етуі қажеттілігі көрсетілді. Кеден өкілдерінің басшыларына тізілімге енгізу шарттарын сақтау, есептерді уақытылы ұсыну, кедендік ресімдеумен айналысатын қызметкерлерінің ЕАЭО және ҚР кедендік декларациялау тәртібін орындаулары қажет екендіктері ескертілді. Аталған талаптарды орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы айтылды.
Диалог нысанында кедендік әкімшілендіруге қатысты мәселелер талқыланды.
Кездесуді қорытындылай келе, Департамент басшылығы кездесуге қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін және сындарлы әңгімелері үшін алғысын білдірді.