Date of publication: 05.06.2019 14:30
Date of changing: 05.06.2019 14:32

      "Бензин (авиациялықты қоспағанда) мен дизель отынына акциз ставкаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізілді (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 29 мамырындағы № 331 қаулысы).

     Көрсетілген қаулымен бекітілген бензинге (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынына арналған акциз ставкалары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылды.

     Мысалы, "Өндірушілердің өз өндірісінің бензинін (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы" позициясы бойынша ставка бұрын шілде-қараша және желтоқсан-маусым кезеңдеріне бөлінді, жаңа редакцияда бұл бөлу айлар бойынша жүргізіледі: маусым-қазан және қараша-мамыр.

     Бұл ретте ставкалардың мөлшері бұрынғы деңгейде қалды, ставкаларды қолдану кезеңдері ғана өзгерді.

     Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың 2018 жылғы 29 қарашадағы қаулысына сәйкес импорттық бензин акцизін арттырған болатын.

     Қазақстанға импортталатын бензинге акциздің мөлшері 11 желтоқсаннан бастап 4,5 мың теңгеден (12,2 доллар) тоннасына 10,5 мың теңгеге (28,4 доллар) дейін өсті. Бұл ретте дизель отынының импортына акциз ставкасы өзгерген жоқ – бір тонна үшін 540 теңге (1,5 теңге).

     Қаулы 2019 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

БҚО бойынша МКД