
ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына орын ауыстырған тауарларға талдау қортындысы бойынша Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар орын ауыстырған кезде көптеген тауарларға ілеспе құжаттардың жоқ болған деректері анықталды.
Сонымен қатар, тауарға ілеспе құжаттарда жоқ салық төлеушілер көрсетілген, сонымен бірге бар көлік құралдарында осы тиісті құжаттар жоқ.
Бұдан басқа, тауарға ілеспе құжаттарда тауардың баратын орны бойынша заңды емес мәліметтер көрсетілген жағдайлар шықты.
Осыған орай, «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара iс-қимылы туралы келiсiмдi бекiту туралы» ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 833 қаулысының 7-бабының 4 тармағына және 8-бабына сәйкес (Халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшiн талап етiлетiн рұқсаттар мен басқа да құжаттар автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiнде болуы және олар Тараптардың бақылаушы органдарының талап етуi бойынша көрсетуi тиiс.
Келiсiмде көзделген жүктердiң тасымалдары тауар-көлiк жүк құжаты (CMR) бойынша жүзеге асырылады), Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Заңының 57-бабы 1-тармағында мемлекеттік кіріс органдары Мемлекетік шекарада қоғамның және мемлекеттің экономикалық қорғау бойынша іс-шаралар ұйымдастыры көрсетілген, олар:
- тауарлар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына орын ауыстырған кезде рұқсаттама бекетінде ресейдің тауар сатып алушысын pb.nalog.ru «Айқын бизнес» (РФ салық орнаының ресми сайты еркін рұқсатымен (паролсыз және логинсыз) тіркеу есебі тексеріледі.
Бұл ретте, тексеру кезінде осы сайтта ресейдің сатып алушысының тіркеу есебі «МӘЛІМЕТТЕР ЖОҚ» деген белгісі шықса, тауарды кіргізбеуге іс-шаралар қолданылады.
Осы тексеруді (ресейдің сатыушысын тексеру) тауарларды ҚР-на Ресей Федерациясынан әкелген кезде де жүргізу керек. Тексеру кезінде осы сайтта ресейдің сатып алушысының тіркеу есебі «МӘЛІМЕТТЕР ЖОҚ» деген белгісі шықса, тауарды кіргізбеуге іс-шаралар қолданылады.
- алушының адресіне тауарларды әкелу дерегін тауарды алушының АЖ ИСАЖ тіркелу есебін тексеру кезінде, АЖ ИСАЖ мәліметтер жоқ болса - тауарды кіргізбеуге іс-шаралар қолданылады.