Date of publication: 04.04.2019 18:36
Date of changing: 04.04.2019 18:40

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР «Кедендік реттеу туралы» Кодексінің 191 бабына сәйкес тауарларды экспорт кедендік рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жүргізген кезде тауарларды кедендік рәсімдеу үшін СЭҚ-ке қатысушының таңдауы бойынша кеден органының лауазымды тұлғасымен транзиттік декларация, жолаушы кеден декларациясы, көлік құралының декларациясы, сонымен қатар тауарларға арналған декларацияларды  толтыруға рұқсат берілетінін хабарлайды.

СЭҚ-ке қатысушының өтініші бойынша кедендік рәсімдеуге арналған құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда, аталған қызмет Департаментпен тегін және қысқа мерзім ішінде беріледі.