Date of publication: 29.12.2015 12:38
Date of changing: 29.12.2015 12:42

             «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына 13.11.2015 жылы  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

          Бұл Заң бойынша ақша қаражаттарын заңдастырудың ең ыңғайлатылған жолдары қарастырылған.

         Заңның 8 бабында көрсетілгендей ақша қаражаттарын банктегі өзінің есеп шоттарына салып, осы қаражаттарды өз қажеттеріне толық пайдалануға болады, мысалы жылжымайтын мүліктер сатып алуға, бизнеске салуға, немесе толықтай алуға болады. Бұл жағдайда бюджетке төленетін 10 пайыздық төлем төленбейді.

         Екінші жағдайда шетелдегі ақша қаражаттарын өтініш беру арқылы да заңдастыруға болады, бұл жағдайда бюджетке 10 пайыздық төлем төленеді.    

          Бұл екі жағдайда да заңдастырушы субъект мемлекеттік кіріс органдарына тиісті декларация тапсырады.

          Мүлікті заңдастыруда да ыңғайлатылған жолдары қарастырылған. Шет елде, сондай-ақ Қазақстан Республика көлемінде мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына тиісті құжаттарды көрсетіп декларация тапсырса болғаны, яғни артық звенолар алынып тасталған.

           Заңдастырушы субъекті Қазақстан Республикасы көлемінде бұған дейін заңдастырылмаған жылжымайтын мүліктерді әкімшілік жанындағы комиссияға арыз беру арқылы мүлікті жария етеді.

           Мемлекетіміздің Елбасы айтқандай «Жария ету-бұл соңғы мүмкіндік, ары қарай ешқандай мүмкіндік болмайды.Жария ету бұл жалпыға бірдей декларациялаудың алдындағы соңғы акт» .Бұл акция аяқталған соң әлемдегі барлық  мәлімет көздері тексерілетін болады.Сондықтан мемлекеттен тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету қажеттігін назарыңызға саламыз.  

          Қазіргі уақытта шет елдердегі және Республика көлемінде банк шоттарын сондайақ шет елдергі мүліктерін жасырғаны үшін қатаң әкімшілік шара  алынады.

          Мүлікті жария ету мерзімі бұрын 01.09.2014 жылдан 31.12.2015 жылға дейін болса, қазіргі  таңда бұл мерзім  31.12.2016 жылға дейін ұзартылды. Яғни, құжаттар 30.11.2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін  қабылданады. Өздеріңіз білесіз,  2017 жылдан бастап Республикамызда жеке тұлғалармен табыстары мен мүліктерін жалпыға бірдей декларациялау басталады. Декларация тапсыру міндеті барлық азаматтарға, соның ішінде зейнеткерлерді және  мүлкі тіркелген немесе банкілерде есеп шоты ашылып қаржысы бар кәмелетке толмаған азаматтарға да  қатысты болады.   

            Осыған байланысты, мүлікті жария ету акциясы бұл жалпыға бірдей декларациялауға дайындық болып есептеліп,  тұлғаларды заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүлік пен капиталдын қалай пайда болғанын дәлелдеу процедурасынан босатады.

             Республиканың аумағынан тыс жерде орналасқан мүлікті жария ету, яғни (мүлікті, басқа кісінің атына жазылған мүліктер, құнды қағаздар, қатысу үлестері) бойынша мемлекеттік кірістер органдарына арнайы декларация тапсыру жолдары арқылы өткізіледі. Мүлікті жария еткен үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша тұлға бюджетке 10 пайыз құрайтын төлем төлейді.

             Мүлікті заңдастырған субъектілердің барлық ақпарлары құпия сақталады және салықтық және банкалық  құпия болып есептелінеді және де басқалай адамдарға жарияланбайды, құпиялылығы сақталады. Бұдан басқада мүлікті заңдастырған субъектілер құқық қорғау және мемлекеттік органдар тарапынан қудалаудан толықтай қорғалады. Сондай-ақ, жария қылған мүліктері конфискацияға жатпайды.

         Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы