
2019 жылдың 1 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары мәселесі, сонымен қатар Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселесі бойынша жеке құраммен семинар өткізілді.
Семинар барысында қызметкерлердің адал, әділ, қарапайым болу, сыпайылық пен әдептілік таныту, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету сияқты мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық талаптарын сақтау қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар семинар барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру мен жетілдіріу, халықтың сұрауын қамтамасыз ету, мемлекет мүддесі мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді болдырмау, белгіленген шектеулерді бұлжытпай орындау мәселелері көтерілді.