Date of publication: 26.03.2019 18:24
Date of changing: 28.03.2019 11:38

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп "Азия Мол", "Орал" сауда үйлеріне, "Мирлан","Рашид" сауда базарына онлайн бақылау-кассалық машиналарын енгізу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2019 жылдың 1қаңтарынан бастап патент бойынша жұмыс істейтіндер ден басқа ашық сауда базарларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер Онлайн-БКМ қолдануға міндетті

Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері түсіндіру жұмыстарымен қатар рейдтер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 7 әкімшілік хаттама толтырылып, олар бойынша ескертулері бар қаулылар шығарылды. Жыл ағымында бұзушылық қайталанған жағдайда кәсіпкерлік субъектісінің мөлшеріне байланысты 15 АЕК және одан жоғары айыппұл көзделеді.

2019 жыл ішінде тоқсан сайынғы негізде онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі ауыстырылады:

2019 жылғы1 сәуірден бастап323қызметтүрі;

2019 жылғы1 шілдеден бастап86түр;

2019 жылғы1 қазаннан бастап 224түр.

         Қызмет түрлерінің тізімі БҚО бойынша МКД сайтында орналастырылған http://bko.kgd.gov.kz

Кездесу барысында салық төлеушілердің сұрақтарына жауаптар берілді

 

                                                                            БҚО бойынша МКД