Date of publication: 26.03.2019 12:50
Date of changing: 26.03.2019 12:51

Батыс Қазақстан облысында 1901 орта және шағын бизнес субъектісі рақымшылық жасауға түседі. Есептен шығаруға жататын төлемақы өсімінін жалпы сомасы 1554,3 млн теңгені, ал айыппұл-175 млн теңгені құрайды. Бұл сома негізгі қарыз - 3 244,5 млн теңге төленген жағдайда алынады.

Департаменттің мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының мәліметтері бойынша 2019 жылғы 1 ақпанға 753 салық төлеуші қарызды өтеген. Олардың негізгі қарызы-146,1 млн. теңгені құрады. Есептен шығаруға 17,5 млн теңге сомасына өсім және 1,1 млн теңге сомасына айыппұл жатады. 1 наурызға 63 салық төлеуші бойынша 1,8 млн теңге сомасына төлемақы өсімі есептен шығарылды. Олар 20 млн теңгеден астам сомаға өз қарыздарын өтеген", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі күні жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасау мәселелері пысықталуда- жеке тұлғалардың өлшемдері және салықтық рақымшылық жүргізілетін берешек сомасы есептеледі.

Рақымшылық жүргізу кезеңінде 2018 жылғы 1 қазаннан бастап негізгі борышты төлеу күніне дейін есептелген өсімпұлдар ғана қабылданады Ал егер салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазаннан кейін төлесе, 2018 жылғы 1 қазанда болған төлемақы өсімінін есептен шығаруға, ал артық төлеу – белгіленген тәртіппен қайтаруға жатады. Егер берешегі 2018 жылғы 1 қазаннан кейін алдыңғы салық кезеңдері үшін салық есептілігінің қосымша Нысаны бойынша не тексеру актісі бойынша пайда болса, онда мұндай берешекті төлеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жүргізілмейді

Естеріңізге сала кетейік, мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар, жер асты суларын, емдік балшықты өндіру құқығына ие, акцизделетін өнім өндірушілер және жеке тұлғалар рақымшылыққа жатпайды.Қалған кәсіпкерлер 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін қарызды өтеген жағдайда төлемақы өсімі мен айыппұл сомасын алады.ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы №39 "берешек сомасы төленген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы.

 

                                                             БҚО бойынша МКД