Date of publication: 26.02.2019 11:53
Date of changing: 27.02.2019 10:13

Мемлекеттік деңгейде шешім қабылдауды реттейтін процестерге жұртшылықты тарту салық, кеден саясатында меншіктің әртүрлі нысанындағы азаматтардың, бизнес қоғамдастықтың қажеттілігін айқындайды, бүгінгі күні өзекті және талап етілген, олардың негізгі міндеті бюджетті толықтыру болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде күнделікті сұраныс тауарлары бойынша нарықтарда қалыптасқан жосықсыз бәсекелестік туралы жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушыларынан келіп түскен өтініштерге байланысты, БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 22.02.2019 жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жанындағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес, "Алтын-Алма" базарында және мамандандырылған дүкендерде ЕАЭО мүше елдердің аумағынан импортталған тауарларды сататын салық төлеушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жұмыстағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша көшпелі рейдке қатысты.

         Рейд барысында салық төлеушілерге ЕАЭО мүше елдерден тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеу тәртібі түсіндірілді, жаднамалар, соның ішінде БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл департаментінің "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі" жадынамасы табыс етілді.

Сонымен қатар, айта кету керек, рейд барысында бизнес өкілдері қала қоймаларынан және сырттан тауар келіп түсетін факторлар туралы ақпарат беру мен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, адал болу және жосықсыз салық төлеушілердің тәуекел аймағына түспеу керек екенін түсінді.

БҚО бойынша МКД