Date of publication: 22.02.2019 19:17
Date of changing: 22.02.2019 19:18

Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алаңында «Ашық кеден» акциясы шеңберінде «Атамекен» ҰКП БҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасының, Қоғамдық бірлестіктердің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған БҚО бойынша Арнайы мониторингтік топтың, БҚО іскерлік қауымдастығы және кедендік өкілдерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел» өткізілді.

   Кездесу барысында БҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Н.Абдулов және Департамент қызметкерлері қатысушылар назарына кедендік әкімшілендірудегі жеңілдіктер, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын жасау  бойынша Департаментте жасалынып жатырған жұмыстар бойынша мәліметтерді жеткізді.

БҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Э.Утешева, өзінің баяндамасында іскерлік қауымдастығы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында, уақыттық және қаржылық шығындарды азайту, кедендік әкімшілендірудегі жеңілдіктер және жеделдету бойынша Департаментпен біріге атқарылған жұмыстар бойынша хабардар етті.  

 «Орал-КРО» кеден бекетінің қызметкерлері кедендік тазалау кезеңінде кедендік бақылауды жүргізудегі атқарылатын шаралардың заңдылыққа сәйкестігіне және ашықтығына дәлелдеме болатын бақылаудың толық процесі міндетті түрде бейнежазбаға түсірілетінін көрсетіп өтті.

«Дөңгелек үстел» отырысы белсенді диалог нысанында өтіп, СЭҚ қатысушылар тарапынан кедендік құн, сонымен қатар, тауарлар шығарылғаннан кейінгі қамтамасыз ету шараларын ұсыну мерзімін сақтау және пост-кедендік бақылауды жүзеге асырған уақытта қосымша құжаттарды ұсыну бойынша сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтардың барлығына Департамент қызметкерлері тарапынан толық жауап берілді.

БҚО бойынша Кеден органдары ардагерлері кеңесінің төрайымы Р.Байболатова қойылған проблемалық мәселелерді шешу жолында өз пікірлерін айтып, тәжірибесімен бөлісті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған БҚО бойынша Арнайы мониторингтік топтың басшысы А.Туркина кедендік әкімшілендірудегі жеңілдіктер және электронды декларациялау бойынша жасалып жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтіп, мүдделі мәселелер бойынша түсіндірмелер берді.  

Кездесу барысын қорытындылай келе БҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Н.Абдулов қатысушыларға сындарлы сұрақтар мен белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.

                                                                           КББ БҚО бойынша МКД

                                                                                     21.02.2019ж.