Date of publication: 06.02.2019 11:03
Date of changing: 06.02.2019 11:04

Бұл қосымша мемлекеттіқ қызметтегі тұлғалардың және олардың жұбайларының, сондай-ақ өзге санаттағы жеке тұлғалардың, оның ішінде жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы, және олардың жұбайларының, сондай-ақ Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың есепті салық кезеңінде алған табыстарын және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында болған, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі, мүлкін көрсетуге арналған.

2. «Кірістердің түрлері» деген бөлімде:

1) 230.02.001 жолында салық агенті берген құжаттардың негізінде салық салуға жататын, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға алған, мүліктік кірістен басқа, жұмысшы мен жеке тұлғаның салық кезеңінде тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістеріне салық агентінің есептеген жалпы сомасы анықтама үшін көрсетіледі;

230.02.001 I жолы қызметкерге жұмыс беруші есептеген кірістердің  сомасын көрсетуге арналған;

230.02.001 II жолы дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға алған, мүліктік кірістен басқа, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін жеке тұлғаның кірісіне салық агентінің есептеген сомасын көрсетуге арналған;

2) 230.02.002 жолы Салық кодексінің 353-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзінен салық салынатын кірістердің жалпы сомасын көрсетуге арналған;

3) 230.02.003 жолы 230.02.003 І, 230.02.003 ІI, 230.02.003 ІIІ,
230.02.003 IV, 230.02.003 V және 230.02.003 VI жолдарының сомасы ретінде айқындалатын төлем көзінен салық салуға жатпайтын кірістердің жалпы сомаларын көрсетуге арналған;

230.02.003 I жолы Салық кодексінің 330-бабына сәйкес анықталатын мүліктік кірістің (мүлікті өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезінде құн өсімінен түсетін кіріс және (немесе) салық агенті болып табылмайтын тұлғаның мүлкін жалға беруден алған кірісі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден алған кірісі, талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс, бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс) жалпы сомасына көрсетуге арналған;

230.02.003 II жолы жеке табыс салығы бойынша декларацияда
(220.00-нысан) немесе арнаулы салық режимдері үшін белгіленген салық есептілігінде айқындалған жеке кәсіпкер табысының жалпы сомасын көрсетуге арналған;

230.02.003 III жолы жеке табыс салығы бойынша декларацияда
(240.00-нысан) айқындалған жеке практикамен айналысатын тұлғалар (жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар мен адвокаттар, кәсіби медиаторлар) табысының жалпы сомасын көрсетуге арналған;

230.02.003 IV жолы Салық кодексінің 322-338-баптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңінде шетелдік көздерден алынған немесе алуға жататын кірістерді көрсетуге арналған. Аталған жолға, «2060», «2140» табыс түрлері тиісті кодтарының жолдарын қоспағанда 230.03 нысанының F бағаны жолдарының қорытынды мәні көшіріледі;

230.02.003 V жолы бақыланатын шетелдік компаниялардың
(бұдан әрі – БШК) немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің (бұдан әрі – БШК ТМ) осы Кодекстің 297, 340-баптарына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасын көрсетуге арналған. Аталған жолға 230.04 нысанының J бағаны жолдарының қорытынды мәні көшіріледі;

230.02.003 VI жолы еңбектенуге көшіп келушілердің табыстарын
(оның ішінде салық агенттері болып табылатын Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шетел мемлекетінің консулдық мекемелерімен жасасқан еңбек шарттары және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған үй қызметкерлерінің табыстары; тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түсетін табыстар; Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасасқан еңбек шарттары және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары; медиаторлардың табыстары, өзіндік қосалқы шаруашылықтан түсетін табыстары) қоспағанда, өзге де кірістердің жалпы сомаларын көрсетуге арналған.

3.  «Салықты есептеу» деген бөлімде:

1) 230.02.004 жолы салық агенті берген құжаттардың негізінде төлем көзінен салық салынуға жататын табыстардан ұсталған салықтың сомасын көрсетуге арналған;

2) 230.02.005 жолы 230.02.005 I, 230.02.005 II, 230.02.005 III және 230.02.005 IV жолдарының сомалары ретінде айқындалатын мүліктік кірістің және өзге де кірістердің есептелген салықтық сомасын көрсетуге арналған;

230.02.005 І жолы Салық кодексінің 358-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын мүліктік кіріс бойынша есептелген салық сомасын, егер осы сома жеке табыс салығы бойынша декларацияда (240.00-нысаны) көрсетілмеген жағдайда, көрсетуге арналған;

230.02.005 ІІ жолы 230.02.003 IV жолында көрсетілген кірістердің сомасын жүргізу ретінде айқындалатын шетелдегі көздерден алған кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасын және 10% мөлшерінде жеке табыс салығының мөлшерлемесін көрсетуге арналған;

230.02.005 ІІІ жолы 230.02.003 V жолында көрсетілген БШК және БШК ТМ жиынтық пайдасын жүргізу ретінде айқындалатын БШК және БШК ТМ жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығының сомасын және 10% мөлшерінде жеке табыс салығының мөлшерлемесін көрсетуге арналған;

230.02.005 ІV жолы Салық кодексінің 358-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын Салық кодексінің 363-бабы 1-тармағының 4), 7), 9), 10) тармақшаларында көзделген кірістер бойынша есептелген салық сомасын, егер осы сома жеке табыс салығы бойынша декларацияда (240.00-нысан) көрсетілмеген жағдайда, көрсетуге арналған;

3) 230.02.006 жолы 230.02.006 I, 230.02.006 II және 230.02.006 III жолдарының сомалары ретінде айқындалатын жеке табыс салығының азайту сомасын көрсетуге арналған;

230.02.006 I жолы Салық кодексінің 359-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын шетелдегі көздерден алған кірістерден шетел салығының есепке жатқызылған сомасын көрсетуге арналған. Аталған жолға 230.03 нысанының G бағаны жолдарының қорытынды мәні көшіріледі;

230.02.006 II жолы Салық кодексінің 359-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын БШК және БШК ТМ қаржылық пайдасынан шетел салығының есепке жатқызылған сомасын көрсетуге арналған. Аталған жолға 230.04 нысанының K бағаны жолдарының қорытынды мәні көшіріледі;

230.02.006 III жолы салық кезеңінде Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен алынған табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының немесе Салық кодексінің 358-бабы 6-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден БШК салық салынатын табыстан төленген корпоративтік табыс салығының сомасын көрсетуге арналған. Аталған жолға 230.04 нысанының M бағаны жолдарының қорытынды мәні көшіріледі;

4) 230.02.007 жолы 230.02.005 және 230.02.006 (230.02.005-230.02.006) жолдары арасындағы айырма ретінде айқындалатын, азайтуды ескере отырып мүліктік және басқа да кірістер бойынша есептелген салық сомасын көрсетуге арналған;

5) 230.02.008 жолы жеке тұлғаның салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтiң әкім аппаратының бизнес-сәйкестендіру нөмерін көрсетуге арналған.

4  «Меншік құқығындағы мүлік» деген бөлімде:

1) 230.02.009 А жолы меншік құқығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі жылжымайтын мүліктің түрін (тұрғын үй және тұрғынжай емес ғимараттар мен үй-жайлар, оның ішінде пәтер, үй, гараж, саяжай құрылыстары, сондай-ақ кондоминиум орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелері және тағы басқалары, сондай-ақ бағалы қағаздар, заңды тұлғадағы қатысу үлесі) көрсетуге арналған;

230.02.009 В жолы жылжымайтын мүлік, сондай-ақ осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес меншік құқығы салық төлеушіге жататын заңды тұлғалар, бағалы қағаздар, қатысу үлесі орналасқан елдің кодын көрсетуге арналған;

230.02.009 С жолы:

жылжымайтын мүлік бойынша – құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін немесе шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан жылжымайтын мүліктің тіркеу нөмірін;

бағалы қағаздар бойынша – шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар эмиссиясының сәйкестендіру нөмірін немесе өзге де нөмірін;

заңды тұлғадағы қатысу үлесі бойынша – қатысу үлесі бар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген адамның сәйкестендіру нөмірін көрсетуге арналған;

230.02.009 D жолы:

жылжымайтын мүлікке – меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан жерін (мекен-жайын);

бағалы қағаздар – бағалы қағаздар шығарылған тұлғаның орналасқан жерін (мекен-жайын);

заңды тұлғадағы қатысу үлесі – қатысу үлесі салық төлеушіге тиесілі, мұндай қатысу үлесінің мөлшерін пайыздарға көрсетете отырып, тұлғаның орналасқан жерін (мекен жайын) көрсетуге арналған;

230.02.010 А жолы меншік құқығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көлік құралдарының түрін (жеңіл автомобиль, мотоцикл, жүк машинасы және (немесе) басқалары) көрсетуге арналған. Бұл жолда әуе және теңiз кемелерi, iшкi жүзу кемесi, «өзен-теңiз» жүзу кемелерi көрсетілмейді;

230.02.010 В жолы осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес көлік құралы тіркелген елдің кодын көрсетуге арналған;

230.02.010 С жолы құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін көрсетуге арналған;

строка 230.02.010 D жолы құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес көлік құралының VIN-кодын немесе кузов нөмірін көрсетуге арналған.

 

БҚО бойынша МКД