
27.01.2019 жылы Х. Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында дәстүрлі "Ашық әкімдік"Ашық есік күні өтті. Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгіновпен бірге қала және облыс тұрғындарын Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алмас Әбдімүтәліпұлы Әбжаппаров және басшының орынбасары Бауыржан Наурызғалиұлы Қайдаров қабылдады.
Іс – шараның мақсаты-халықтың мәселелерін жедел әрі тиімді шешуге ықпал ету, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ халықтың Қазақстан Республикасының салық заңнамасын дұрыс түсінуін және хабардар болуын қамтамасыз ету.
Өткізілген іс-шараның басты ерекшелігі-басшыларға қабылдауға жазылу қажеттігі болмады, онда барлық толғандырған сұрақтарға жауап алуға болатын.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкілдеріне көптеген сұрақтар қойылды. Олардың арасында бірыңғай жиынтық төлемді енгізу, салық рақымшылық жасау, жалпыға бірдей декларациялауды енгізу, онлайн-БКМ қолдану және электронды шот-фактураға көшу мәселелері болды.
Аталған іс-шараға қатысқан тұлғалар толық жауап алды.