Date of publication: 26.12.2018 10:44
Date of changing: 26.12.2018 10:46

2018 жылдың 1 қазаңынан “Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығы күшіне енді.  

Салық төлеушілер 2018 жылдың 1 қазаңынан оларды жүзеге асырған кезде онлаййн бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлері:

11. Автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын сату

12. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

13. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтардың көтерме саудасы

14. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтардың бөлшек саудасы

15. Сусындарды көтерме сату

16. Фармацевтикалық тауарлармен көтерме сауда

17. Текстиль бұйымдарын сату

18. Темірден жасалған бұйымдар, лакбояу материалдар және шыны саудасы

19. Киім сату

20. Фармацевтикалық тауарлармен бөлшек сауда

21. Сағат және зергерлік бұйымдар сату

22. Ломбардтардың қызметі

23. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша агенттіктердің қызметі

24. Сыйақыға немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікті басқару

25. Жарнама агенттіктерінің қызметі

26. Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет

27. Уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет

            Қазақстан Республикасының заңнамасымен аталған талаптарды міндетті тәртіпте орындау белгіленген тұлғалармен БКМ қолданудан жалтару, жазаланады.

          «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 284-бабының бірінші және екінші бөліміне сәйкес, сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану–ескерту жасауға әкеп соғады.

            Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік):

            жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15;

            орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30;

            ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

                                                       БҚО бойынша МКД