Date of publication: 19.12.2018 11:02
Date of changing: 24.12.2018 10:42

Қазақстан Республикасының  «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы»  2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңының 26 бабының 1 тармағының 3тармақшасына байланысты астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнай өнімдерін өткізуді, тиеп-жөнелтуді және (немесе) тасымалдау мен айдауды мұнай өнімдерін есепке алуды қамтамасыз ететін өлшеу құралдары арқылы жүргізілуі қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы "Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұданәрі-ҚР ӘҚБК) 281-бабының 5-тармағының 8 тармақшасына сәйкес мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мұнай өнімдері базаларынан өткізуді және (немесе) тиеп-жөнелтуді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз не бақылайтын есепке алу аспаптарын айналып өтіп өткізуі және (немесе) тиеп-жөнелтуі:

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

  ҚР ӘҚБтК 281-бабының бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

  әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бүгінгі күні КҚК орнату бойынша кейінге қалдыру заңнамамен көзделмеген.

БҚО аумағында жеткізумен және орнатумен "ТОПАЗ-ИМПОРТ" ЖШС айналысады (байланыс телефоны 7(705)545-10-70).

 

БҚО МКД