Date of publication: 23.11.2018 19:49
Date of changing: 23.11.2018 19:50

      15 қараша - Ұлттық теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күнінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өз білімдерін, күштерін, тәжірибелерін шынайы мемлекетке қызмет етуге арнаған облысымыздың мемлекеттік кірістер органдары ардагерлерімен кездесу өтті.

     Департамент басшысының орынбасары Н.С.Абдулов ардагерлерді қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтап, қажырлы еңбектері, өмірлік және кәсіби тәжірибелері үшін, жас ұрпаққа берген тәлімгерліктері үшін алғысын білдірді.

     Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Е.К.Бердіғалиев ардагерлерге деген өзінің жылы лебізін білдіріп, департаменттің үш бөлімшесінің ардагерлерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі, тәлімгерлікті дамытудағы зор рөлін атап өтті. 

     Өз әріптестерімен кездесіп, жылы, шырайлы өткен кеш ардагерлер көңілінен шықты. Ардагерлер өздерінің бұрыңғы өткен жұмыс уақыттарын, бірге өткізген қызықты күндерін еске алып, қазіргі таңдағы қызығушылықтарымен бөлісті.

     Өз кезегінде ардагерлер мемлекеттік кірістер органдары  қызметкерлеріне өз тілектерін білдіріп, туған ұжымды біріктірудің маңыздылығын атап, алдағы уақытта жетістіктер тілей отырып, көңіл бөлгендері үшін алғыс айтты.

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы