Date of publication: 22.11.2018 18:58
Date of changing: 22.11.2018 19:00

     2018 жылғы  қараша айында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б. М. Хайруллиннің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

     Өткізілген семинар барысында Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері айтылды. Сыбайлас жемқорлықты қабылдамау ахуалын қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті органдарының барлық құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылатыны атап өтілді.   

     Сонымен қатар, "заңдылық", "әділеттілік", "жазалаудың бұлтартпастығы"сияқты іргелі ұғымдардың айналасында қалыптасуға тиіс қызметкерлердің мінез-құлқының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие моделін қалыптастыруға назар аударылды.

     Сонымен қатар, қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті көздейтін заңнама нормаларымен, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарымен танысты.

                                                                         АРБ БҚО бойынша МКД