
2018 жылдың 22 қарашасынан бастап жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) көкейтесті және толғандырып жүрген сұрақтарына жеке тұлғалар жедел жауапты «WhatsApp» мессенджері арқылы ала алады.
Сұрақтарды 8-7000-866-001 нөміріне жұмыс күндері (дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады. Біз жедел әрі толық жауаптарды беруге тырысамыз.