Қазақстан Республикасы бойынша мүлікті заңдастыру туралы акция одан әрі жалғасын табуда. Акция басталған күннен бастап біздің облыс бойынша шетелдегі мүлікті заңдастыру туралы 3 арыз тіркелді.
Мүлікті жария ету дегеніміз-азаматтардың заңсыз айналымында жүрген қаражаттары мен мүліктерін заң шеңберіңде айналымға енгізіп, меншік иесінің құқын мемлекеттік тұрғыдан жария етіп заңдастыру болып табылады.
Мүлікті жария етуге Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұру құқын алған азаматтар жатады.
Мүлікті жария еткен жағдайда заңдастырылған мүліктің бағалау құнының 10 пайызы мөлшерінде төлем аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына төленеді.
Сонымен қатар мүлікті заңдастыру, 2017 жылы басталатын жалпыға бірдей декларациясына дайындық болып табылады .
Азаматтарды жалпыға бірдей декларациясын тапсыру кезінде, олардың мүлікті заңдастыруы өз декларацияларында көрсетеді, олар үшін осы мүлікті сатқан жағдайда, ол жарияланған заңды қаражаттың пайда болуын дәлелдеу болып табылады.
Заңдастырылған ақша инвестициясын - мысалы, мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық холдингі мен компанияларды, Халықтық IPO шеңберінде жүзеге асырылатын даму институттары мен іс-шаралар бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында орналастырылған басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға болады.
Әрине, ұлттық шкала бойынша заңдастыру, сондай-ақ біздің еліміздің экономикасына капитал тарту мәселесін жоюға мүмкіндік береді.
Айқындай келе, жеке азаматтар үшін және тұтастай алғанда, біздің еліміз үшін заңдастырудың оң әсері бар.
Заңдастыруға Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар, шет елде тіркелген, оның эмитенттер, сондай-ақ шет елде тіркелген заңды тұлғалардың үлестері жатады.
Алайда, заңмен белгіленген қылмыстық әрекеттер нәтижесінде алынған соттын шешімі бар жылжымайтын мүлік Мүлікті заңдастырылуға жатпайды.
Қосымша ақпаратты 30 маусым 2014 жылғы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, мүлікті жария етуге байланысты, Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар оралмандар мен адамдардың рақымшылық жасау туралы» заңынан, сондай-ақ, жергілікті атқарушы билік органдарынан және аумақтық комиссияларының алуға болады.
Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы