
2018 жылдың 21 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің акт залында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен және кеден өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге БҚО Кәсіпкерлер палатасының, Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Э.Б.Утешева және БҚО бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаментінің (ДТРМ) бөлімінің басшысы Ж.Р.Тығынбаев қатысты.
Кездесуді БҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Н.С. Абдулов ашып, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларымен, кедендік әкімшілендірудің қазіргі жағдайы және жылдың аяғына дейін тапсырмалармен, кездесуге қатысушыларды таныстырып өтіп, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерге тоқталып, сыбайлас жемқорлық компонентінің кез келген көрінісі, соның ішінде пара алу / беру қылмыстық жауапкершілік қарастырылған бұзушылық болып саналатынын атап өтті.
Кедендік салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың аясында, ақпараттық жүйелерді енгізу маңызды рөл атқарады,
атап айтқанда, «АСТАНА-1» АЖ енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Кедендік қызмет саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы әрекет ету, кедендік құнды бақылауды, тауарды шығарғаннан кейінгі кезеңге ауыстыру арқылы
жеңілдетіледі, бұл СЭҚ қатысушылармен тікелей байланысын жоққа шығарады және кәсіпкерлік субъектілері үшін әкімшілік тосқауылдарды азайтады.
«АСТАНА-1» АЖ жүйесінде кедендік құнды бақылау және тауарлардың кедендік құнының төмендеуіне жол бермеу туралы» негізгі баяндаманы, БҚО бойынша МКД ТРжПКБ Тарифтік реттеу бөлімінің бас маманы К.Т. Аманов жасады. (Бiрлескен баяндамашылар – БҚО бойынша МКД «Орал-КРО» КБ басшысының орынбасары В.А. Жигалин - «сары дәліз» сатысында шығаруды бақылау; БҚО бойынша МКД ТР және ПКБ ПКББ бас маманы А.Б. Имангалиева - тауарларды шығарғаннан кейінгі бақылау «көк дәліз»).
Қатысушылардың назарына, кедендік құнды бақылаудың негізгі принциптері, осы мәселелер бойынша заңнаманың өзгеруі, тауарлардың кедендік құны туралы мәлімделген ақпараттың дұрыс емес екендігін көрсететін белгілер анық және тұжырымдап жеткізілді:
1) ТБЖ пайдалану арқылы анықталған, тауарлардың кедендік құнын дұрыс емес декларациялау тәуекелдері (ұлттық заңнамаға сәйкес, бізде тек ТБЖ қолданылады);
2) декларанттың (кеден өкілінің) ұсынған құжаттарында, бақылау нәтижесінде белгіленген тауарлардың кедендік құнын қозғайтын мәліметтің сәйкессіздігі;
3) шетелдік тауар өндірушілердің ақпараты бойынша, оларды импорттаудың салыстырмалы шарттарында бірдей немесе ұқсас тауарлардың бағасымен салыстырғанда, декларацияланған тауарлардың бағалары неғұрлым төмен болуы;
4)аукциондар, биржалық сауда-саттықтар (баға белгілеулері), баға каталогы деректері бойынша бірдей немесе ұқсас тауарлардың бағасымен салыстырғанда декларацияланған тауарлардың бағалары неғұрлым төмен болуы;
5) импортталатын тауарлар өндірілетін компоненттер (шикізаттарды қоса алғанда) бағасымен салыстырғанда декларацияланған тауарлардың бағаларынеғұрлым төмен болуы;
6) кеден органына берілетін ақпаратқа сәйкес (Қағиданың 6-тармағы) мәлімделген тауарлардың төмен бағасымен бірге, сатушыға және сатып алушы арасындағы өзара қарым-қатынастың болуы, өзара қарым-қатынастың іс жүзінде төленген немесе тауарларға төленетін бағасына әсер етуі;
7) кедендік құнның құрылымы сақталмайтындығына негіз болуы (мысалы, зияткерлік меншік объектілерін пайдалану үшін лицензия және басқа ұқсас төлемдер, көлік шығындары, сақтандыру шығындары және т.б., толық есепке алынбаған немесе ескерілмеген).
Кедендік құнды төмендетуге жол бермеуге ерекше назар аударылды.Бұл, әсіресе кедендік құнды төмендету жағдайында, тізілімнен шығарылатын уәкілетті экономикалық операторларға
әсері болады. (қазіргі уақытта облыс аумағындатіркелген УЭО жоқ ).
Сонымен қатар, БҚО бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаментінің бөлім басшысы Ж.Р.Тыңғынбаевтың, сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай нысандарын тіркеу ережелері көрсетілген, «Кеден одағының Техникалық регламентіне және оларды орындау ережелеріне сәйкес, сәйкестік сертификатының және декларацияның бірыңғай нысандары туралы» баяндамасы ұсынылды.
Апелляциялық комиссия тексерудің және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның, сондай-ақ мұндай шағымдарды қарау туралы хабарламаға шағымдану Тәртібі туралы, БҚО бойынша МКД ТР және ПКБ посткедендік бақылау бөлімінің бас маманы А.С. Хайымдулинов таныстырды.
«АСТАНА-1» АЖ жұмысынақатыстытуындайтынпроблемалықмәселелерталқыланды. Кейбір сұрақтардың шешімін табу бойынша, кәсіпкерлердің атынан,КәсіпкерлерпалатасыныңөкіліЭ.Б. Утешевасөзсөйледі.
Кездесудің нәтижелерін қорытындылай келе, қатысушылар СЭҚ қатысушылардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мұндай кездесулерді ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.
БҚО бойынша МКД, ТР және ПКБ