Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесі мәліметті хабарлайды.
2011 жылғы 20 шілдедегі №463- IVЗРК «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес (бұдан – әрі Заң) мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді міндетте түрде есепке алатын бақылау аспаптары (бұдан – ЕАБА) арқылы мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының 2016 жылғы 1 қантарынан бастап және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) 2017 жылғы 1 қантарынан бастап өтуі қажет.
ЕАБА мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолданылады. ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде аспаптар тіркелген тізімі «КазИнМетр» РМК, http://kazinmetr.kz/si/ сайтында орналасқан.
Сонымен қатар Заңның 8 тармағының 12-1 тармақшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойыншақағидалар және талаптар» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 27 маусымда бекітілген.
БҚО бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының
Акциздерді әкімшілендіру бөлімі