Date of publication: 18.09.2018 16:56
Date of changing: 18.09.2018 16:57

Жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын 2017 жылға төлеу мерзімі - 2018 жылдың 1 – қазанына дейін.

      Салық кодексінің 528-бабына сәйкес жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар жеке тұлғалардың мүлік салығын салу объектісі болып табылады.

            Салық кодексімен келесі тұғалар жеке тұлға салығын төлемейтін тұлғалар болып қарастырылған:

1. Совет үкіметі батыры, Социалистік Еңбек ері, «Халық қаһарманы» , «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары берілген, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан», көп балалы ана, «Мать Героина» атағы берілген, «Алтын алқа» төс белгісімен марапатталғандар, бөлек тұратын зейнеткерлер – сәйкес келетін қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген жеке меншігіндегі барлық салық обьектілерінің жалпы құнының айлық есептік көрсеткішінің 1000 еселік көлемінде;

2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдіктерімен және кепілдіктерімен оларға теңестірілген тұлғалар, бұрынғы ССР Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мінсіз әскери қызметі үшін және жанқиярлық еңбегі үшін ордендерімен және медальдарымен  марапатталғандар, сонымен қатар 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан артық уақыт жұмыс жасаған (қызмет атқарған) және бұрынғы ССР Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мінсіз әскери қызметі үшін және жанқиярлық еңбегі үшін ордендерімен және медальдарымен  марапатталмаған тұлғалар, мүгедектер – сәйкес келетін қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген жеке меншігіндегі барлық салық обьектілерінің жалпы құнының айлық есептік көрсеткішінің 1500 еселік көлемінде;

3. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 18 жасқа толғанға дейін;

     Заңмен жеңілдік қолдану үшін зейнеткерлердің зейнеткерлік жасқа толмаған тұлғалардан бөлек тұруы талап етілген, сонымен қатар бұндай мүліктерді мүліктік наймға (жалға) беруге рұқсат етілмейді.

      Салық салу объектілері бар тұлғалар жер салығын төлеуші болып табылады:

  • жеке меншігі бар;
  • жерді үнемі қолдану құқығы бар;
  • жерді уақытша алғаш рет ақысыз қолдану құқығы бар.

    Жер учаскілері (жалпы ортақ жер учаскісінде – жер үлесі бар) салық салу объектісі болып табылады. Кондоминиум (көп қабатты үй), объектісі бөлігі болып табылатын жер учаскілері жалпы мүлікте  кондоминиум объектісінің бөлігі болып табылатын үй-жайлардың (ғимарат бөліктерінің) иелерінің әрқайсысының пропорционалдық бөлігі жер салығын салуға жатады. 

     Келесі тұлғалар жер салығын төлемейтін тұлғалар болып қарастырылған:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері, сонымен қатар жеңілдіктерімен және кепілдіктерімен оларға теңестірілген тұлғалар, бұрынғы ССР Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы мінсіз әскери қызметі үшін және жанқиярлық еңбегі үшін ордендерімен және медальдарымен  марапатталғандар, сонымен қатар 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан артық уақыт жұмыс жасаған (қызмет атқарған) және бұрынғы ССР Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы мінсіз әскери қызметі үшін және жанқиярлық еңбегі үшін ордендерімен және медальдарымен  марапатталмаған тұлғалар, мүгедектер, сонымен қатар мүгедек балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кәмелет жасқа толғанға дейін;
  • тұрғын үй қорымен иемделінген, соның ішінде құрылыс және ғимарат салуға  иемделінген жер учаскілері;
  • үй иемдігіндегі жер учаскілері; 
  •  жеке  үй шаруашылығын, саябақтар құрылысын, құрылыс жүргізуге берілген жер учаскілері;
  • гараж салуға иемделінген жер учаскілері;
  •  көп балалы ана, «Мать Героина» атағы берілген, «Алтын алқа» төс белгісімен марапатталғандар:

          тұрғын үй қорымен иемделінген, соның ішінде құрылыс және ғимарат салуға  иемделінген жер учаскілері;

          үй иемдігіндегі жер учаскілері; 

  •  бөлек тұратын зейнеткерлер:

          тұрғын үй қорымен иемделінген, соның ішінде құрылыс және ғимарат салуға  иемделінген жер учаскілері;

          үй иемдігіндегі жер учаскілері; 

Мүлік және жер салығын төлеу 2018 жылдың 1 қазанына дейін жүргізілуі тиіс.

 

БҚО бойынша МКД