Date of publication: 24.08.2018 10:58
Date of changing: 24.08.2018 13:30

Жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын 2017 жылға төлеу мерзімі - 2018 жылдың 1 – қазанына дейін.

      Салық кодексінің 528-бабына сәйкес жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар жеке тұлғалардың мүлік салығын салу объектісі болып табылады.

      Салық кодексінің 529-бабының 1-тармағына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:

         Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.

         Қазіргі уақытта салық органдарымен өткен 2017 жыл үшін  жеке тұлғаларға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша  хабарлама ұсынуы бойынша жұмыстар жүргізілуде, Салық кодексінің 532 – бабының 6 – тармағы мен 514 – бабының 3 – тармағына сәйкес төлеу мерзімі - 2018 жылдың 1 – қазанына дейін.

 

БҚО бойынша МКД