
2018 жылғы 14 тамызда «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 933 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды. 14—ші тамыз күні мерекелік шарада, Қазақстан республикасының Мемлекеттік кірістер Комитетінің құрылған күніне орай, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Ә.Әбжаппаров мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мейрамдарымен құттықтады.
Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары М.Сатканов, кеден және салық қызметін, сондай-ақ экономикалық тергеу қызметін ардагерлері шақыртылды.
Мерекелік шарада Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Ә. Әбжаппаров кеден және салық қызметін, сондай-ақ экономикалық тергеу қызметін біріктірілуі мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленгенін, мемлекеттің жана саясат басым бағыттарының бірі» кеден және салық қызметін бір әкімшілік бағытқа жүйелендіру міндеті қойылғандығын атап өтті.
Белгілі болғандай, бірқатар заңнамалық бастамалар аясында «Ұлт жоспарының 8-қадамында Салық және кеден әкімшілендіру бағыттарын жандандыруға бағытталған.
Салық және кеден заңңамасына және сондай-ақ кейбір ұйымдардың, азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне қатысты мәселелері бойынша үлкен түсіндіру жұмыстары жұргізілуде.
Мемлекеттік кірістер органдарының басты міңдеті- салықтардың толық және уақытылы түсуін, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, өзінін құзіреті шегінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес.
Бүгін мемлекеттік кірістер органдарының құрылу күніне орай салтанатты түрде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеден және салық органының 2 басқарма басшысы «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» атты Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттады.
Батыс Қазақстан облысы әкімі А.Кульгиновтың Алғыс хатымен Мемлекеттік кірістер департаментінің және аумақтық құрылымдарының 7 қызметкер марапаттады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының Құрмет грамотасымен Мемлекеттік кірістер органдарының аса ерекшеленген 45 қызметкерлері марапаттады.
Экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне біліктілік сыныптар мерзімінен бұрын берілді және 1 қызметкер атқарып отырған лауазымынан 1 дәрежеге жоғары біліктілік сыныбын иеленді.
БҚО МКД