Date of publication: 26.07.2018 10:13
Date of changing: 26.07.2018 13:49

     2018 жылғы 24 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.

     Семинарға ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының  аға прокуроры Е.Е. Щукина, сондай-ақ Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық  мемлекеттік кірістер органдарының жауапты мамандары қатынасты.

     Семинардың негізгі мақсаты - заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша  жұмысты жандандыру және өтініштермен жұмыс істеу барысында басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық   актілердің талаптарын түсіндіру .

     Семинарға қатысушылармен  автоматтандырылған ақпараттық жүйеге  өтініштерді уақытында және дұрыс енгізу, сондай-ақ №1-ОЛ нысанды есептілікті толтыру тәртібі бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. 

     ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының  аға прокуроры Е.Е. Щукина «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын  түсіндіре отырып, өтініштерді қарау кезінде бюрократтықты, кешіктірушілікті және төрешілдікті болдырмауға аса маңызды көніл бөлу қажеттілігін  де  атап өтті.

     Мұндай кездесулер мемлекеттік органдарың арасындағы тиімді және үйлесімді жұмысқа кажетті және маңызды екенін атап өткен жөн.