
2018 жылдың 25 мамырында Батыс Қазақстан облысы бойыша Мемлекеттік кірістер департаментінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих, экономика және құқық» факультеті «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша 4- курс студенттерімен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел!» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу мақсаты - студенттер санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың барлық нысанына төзбеу қағидасын ұстану, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен танысу, алдағы уақытта Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқару үшін өндірістік практикадан өтуге студенттерді тарту.
Кездесу барысында студенттер Адам ресурстары басқармасының басшысы Т.Ж.Бисалиевадан және персоналмен жұмыс бөлімінің бас мамандары Л.Г.Нұғманова және Н.А.Махаевтан өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.
Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері туралы Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы А.М.Болграбская айтып берді.
Студенттерге Батыс Қазақстан облысы бойыша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі туралы тұсаукесер өткізіліп, сонымен қатар, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністері және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың салдары туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді.