Date of publication: 26.04.2018 11:41
Date of changing: 26.04.2018 11:45

     Жазғы демалыс уақыты да жақындады. Уақытында төленбеген салықтар үшін азаматтар Қазақстан Республикасының аумағынан шығу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

     2018 жылдың 1 сәуірі жағдайына облыстың 29,8  тұрғындары жалпы сомасы 23,5 млн тенге жер салығын, 36,9 мың тұрғын 87,3 млн тенге мүлік салығын, ал 36,2 мың жеке тұлға 683,4 млн тенге көлік салығын төлемеген.

     Осылайша Батыс Қазақстан облысы бойынша жеке тұлғалардың жалпы салық берешектері 794,2млн. тенгені құрайды.

    Сот орындаушылары салған ел аумағынан шығуға шектеуді алып тастау тек салықтарды толық төлеген кезде ғана жасалады. Уақытында төленбеген салық берешектеріне күн сайын өсімпұлдар да қосылып отырады.

    Осыған орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті шет елге шығу құқығынан айырылмау үшін салық берешектерін өтеу қажеттігін естеріңізге салады.

    Салық берешектері туралы мәліметті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсынан https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтемесі бойынша немесе Egov.kz электронды үкімет порталында «Салықтар мен қаржылар» - «Салық берешектерін қарау мен төлеу» бөлімінде (сілтеме: http://egov.kz/cms/ru/services/taxation/e_078) қарауға болады. (ЖСН номер мен код сөзді теру керек).

   Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағынан шығуына шектеу бары туралы мәліметті Қазақстан Респуликасы Әділет Министрлігінің интернет-ресурсынан http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/zapret сілтемесі бойынша тексеруге болатынын хабарлаймыз.

     Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық азаматтарды салықтық міндеттемелерін орындап, берешектерін өтеуге шақырады.

     Салықтарыңызды уақытында төлеп, демалыстарызды сәтті өткізіңіздер!

 

БҚО бойынша МКД