Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағына сәйкес мемлекеттiк лауазымдағы адамдар өз өкiлеттiктерiн орындау кезеңiнде жыл сайын тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.
230.00 нысандағы кірістері мен мүлкi туралы декларацияны Қазақстан Республикасының 363 бабының 1 тармағына сәйкес төмендегі тұлғалар ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;
2) Судьялар;
3) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар.
Декларация тұрғылықты тіркелген жері бойынша салық органдарына тапсырылады.
Салық есептілігін тиісті салық органдарына қағаз жеткізгіште өзі келу тәртібімен, хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы және электронды түрде ұсынуларына болады.
Декларацияны электронды түрде «Салық төлеуші кабинеті»WEB қосымшасы арқылы http://cabinet.salyk.kz мекенжайы бойынша немесе СОНО бағдарламасы арқылы ұсынуға болады.
Ғаламторға кіру мүмкіндігі болмаған жағдайда әрбір мемлекеттік кірістер басқармасында мемлекеттік қызметкерлер декларацияларын жіберу үшін салық төлеуші терминалдары бар.
230.00 нысанындағы салық есептілігі және оны толтыру ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында, «ҚР заңдылықтары» - «Салық есептілігі нысандары» - «2017ж. СЕН» - «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық» - «230.00 нысан» сілтемесі бойынша орналасқан.
Декларацияны электронды түрде табыс ету үшін мемлекеттік қызметкерлерге тұрғылықты жері бойынша салық органына немесе ХҚКО жүгіну арқылы жеке криптографиялық кілт алу қажет.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің жұбайлары (зайыптары) да тұрғылықты жері бойынша табыстары мен мүлкі туралы 230.00 нысандағы декларацины тапсыру міндеті бекітілгенін еске саламыз.
БҚО бойынша МКД