Date of publication: 27.12.2017 13:24
Date of changing: 27.12.2017 13:26

 

     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының 
     1-бабы 3-тармағының 26 тармақшасына сәйкес үлестес тұлғаларға 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін (бұдан әрі – АСР) қолдану кедергілерін жою туралы қарастырылатын Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер енгізілген.

      Бұл ретте, Заң жобасының 1-бабы 3-тармағының 27 тармақшасына сәйкес:

«1. Егер осы тармақтың екінші бөлігімен өзгеше белгіленбесе, Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен ауысу кезінде арнаулы салық режимiн немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелерінде, Салық кодексінің 448-бабы 3-тармағы 3 тармақшасы нормасының жойылуына байланысты арнаулы салық режимiн қолдану құқығы пайда болған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігімен көрсетілген хабарламаны арнаулы салық режимін қолданылатын бірінші жылдың 29 желтоқсан айынан кешіктірмей тапсыруға құқылы...».
 

      Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелерінің назарына осы АСР 01.01.2017 ж. бастап қолдану үшін 2017 жылдың 29 желтоқсанына дейінгі мерзімде тіркелген орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларына салу режимi туралы хабарламаны кейінірек ақпараттық жүйеге енгізу үшін қағаз тасығышта, табыс етуге құқылы екендігі туралы мәліметті жеткіземіз.

 

БҚО бойынша МКД