Date of publication: 26.12.2017 16:12
Date of changing: 26.12.2017 16:18

     Аумақтық байланыс қызметінің алаңында бұқаралық ақпарат  құралдары өкілдері үшін брифинг өткізілді. 

     Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алмас Әбдумүтәліпұлы Абжаппаров журналистерді тұрғындар арасында салық мәдениетін арттыру және салық түсімдерін ұлғайту мақсатындаалдағы уақытта өткізілетін іс-шаралармен таныстырды.

 

     Осы мақсатта Батыс Қазақстан облысы Әкімінің ықпал етуімен Прокуратура және Кәсіпкерлер палатасымен бірге «2017-2019 жылдарға Салық түсімдерін арттыру бойынша жол картасы» және оны іске асыру алгоритмі дайындалды.  

     «Жол картасының» негізгі іс-шаралары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық және Кеден кодекстерін енгізуге байланысты кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

     Жаңа Салық кодексінің идеологиясы адал салық төлеушілрдің мүдделерін қорғауға бағытталған, жаңа принцип – адал ниетті салық төлеуші принципі енгізілді, оған түсіндіру және бақылау-экономикалық жұмыстардың сапасын арттыру міндеті қойылады. 

   Салық тексерістерінің нәтижелері туралы хабарламаларға түскен шағымдарды қарау кезінде барлық түсінбеушіліктер мен олқылықтар салық төлеушінің пайдасына қарай түсіндірілетін болады. Мұндай принцип салық дауларын адал қарауға мүмкіндік береді.

     Салық тексерістері азайтылатын болады. Тексерістер тәуекелді басқару жүйесі негізінде жүзеге асырылатын болады. 

     Жаңа қабылданатын Салық кодексі бойынша салық төлеушілер келесі салық режимдерін таңдай алады, оның үшеуі қолданыстағы және біреуі жаңа: 

     Шағын бизнеске жаңа тиянақталған шегерім режимі ұсынылады, бұл кірістер мен шығыстарды есептеуді жүргізуге бағытталған (жылдық табыс 300 млн. теңгеге дейін (12044 ТЖМ), жалдамалы жұмысшылардың саны  50 адамға дейін). Ол айналымы үлкен, бірақ табысы төмен кәсіпкерлер үшін тиімді. 

     Шаруалар мен фермерлер өздерінің жеңілдік режимдерін жоғалтпастан, қосылған құн салығын төлеушілері бола алады. 

     Шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарады, яғни тексеріс болған жағдайда, камералды бақылау тек соңғы 3 жылды ғана қарайтын болады.  

     Қолданыстағы 5 жыл талап қою мерзімі тек келесі салық төлеушілер үшін сақталады: 

         - салық мониторингіне жататындар; 

         - және қызметін жер қойнауын пайдалану келісімдеріне сәйкес жүзеге асыратындар үшін. 

     Сонымен қатар, ҚҚС бойынша есепке қою үшін қолданыстағы минималды саты 30 000 АЕК (68 млн.) сақтау қарастырылуда. 

     Салық міндеттемелерін орындаудың жаңа нысандары енгізіледі -  мерзімін ұзарту және бөліп төлеу.

     Мерзімін ұзарту салықтар мен төлемдерді алты айға дейінгі мерзім ішінде бір мезеттік төлемдерді қарастырады.  

     Бөліп төлеу – үш жылдан аспайтын мерзім ішінде бірдей үлесте ай сайын немесе тоқсан сайын төлеу. 

    Жеңілдіктерге келетін болсақ, - Кодексті дайындау аясында бірқатар айырықша жеңілдіктер қарастырылған және жекелеген салаларды дамыту мақсатында жаңа түрлері енгізілген. Ойын автоматтары, лотериялық билеттерді, пошта төлемдерінің мемлекеттік белгілері, пошта маркілерін импорттау, нотариустар мен адвокаттардың қызметтері, мемлекеттік қажеттілігі үшін мүлік сатып алу, тазартылған бағалы металлдар (өз өндірісі шикізаттарынан дайындалған алтын, платина)   сату бойынша айналымдарды салықтан босату бойынша жеңілдіктерден бас тарту ұсынылады.  

     Төлемдерге келетін болсақ – аукциондардан салық жинау және кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер жойылады. 

     Азаматтардың қаржылық жүктемелерін төмендету мақсатында тұрғылықты жерге тіркелгені үшін мемлекеттік баж төлемдері жойылады. 

     Автокөлікті айдап әкеткен жағдайда көлік құралдарына салық салуды тоқтату бойынша жаңа норма қарастырылған. 

     Сонымен қатар келесі жылдан жаңа Қазақстан Республикасы мен Евразиялық экономикалық одақ елдерінің Кеден кодексі күшіне енеді. 

    2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының және Евразиялық экономикалық одақ елдері Кодексінің күшіне енуімен қатар Кедендік-салық әкімшілігінің автоматтандырылған жүйесі «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі енгізілетін болады, бұл тәуекелді басқару жүйесінің ұсынымы болмаған жағдайда мемлекеттік кірістер органының қызметкерлерінің қатысуынсыз қағазсыз декларациялау жүргізу мүмкіндігін қарастырады.  

     2017 жылдың 01 қазанынан бастап тәжірибелік пайдалану аясында «Кедендік транзит» «АСТАНА-1» АЖ кіші жүйесі іске енгізілді, бұл қазіргі уақытта табысты қызмет етуде. 

      Бұл жүйе өзінің оң нәтижесін көрсете бастады. Олардың бірі кедендік операцияларды жүргізу уақытын қысқарту болып табылады. 

      Сөз соңында Департамент басшысы 31 желтоқсанда жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі өтетінігін ескертті. 

      Мүлік және жер салықтары бойынша төлем жүргізу мерзімдері келесі жылға ауыстырылды, яғни 1 күнтізбелік жылға ұзартылды.  

     Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты тұрғындарды мемлекет ұсынып отырған барлық әлеуметтік кепілдіктерді пайдалану үшін өз мәртебесін анықтау қажеттігіне көңіл аударды. 

 

                                                                           БҚО бойынша МКД