Date of publication: 02.07.2015 17:03
Date of changing: 02.07.2015 17:09

      23 маусым күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Аманжол Жомартұлы Жақанов Департаменттің мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекелері Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады.

«Мемлекеттік қызметші лауазымы – бұл кәсіп ғана емес, бұл ой санасы, өмір сүру стилі, бұл елдің ігілігі үшін тұрақты адал еңбек. Бұл жоғары моральдік жауапкершілік, кәсіби білім, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным. Сондықтан біздерге – мемлекеттік қызметшілерге бүгін ерекше жауапкершілік жүктелген, және мен Департаменттің қызметкерлері алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының бірлігін нығайту ісіне қызмет ететіндігіне сенімдімін», - деп атап өтті А.Ж.Жақанов. 

      Сонымен қатар, осы күні Департаменттің жаңадан тағайындалған қызметкерлері Сатыбалдыұлы Әулетжан және Қажғалиева Динара әкімшілік мемлекеттік қызметшілер антын қабылдады. Жас мамандар Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, Қазақстан халқына адал және біліктілікпен қызмет етуге, мемлекеттің мүдделерін қорғауға және Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өткізуге салтанатты түрде ант берді.

Департаменттің жаңа қызметкерлеріне тілек сөздерін  Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері – салық қызметінің ардагері, салық қызметінің үздігі Талшын Тайырқызы Темрешова және кеден қызметінің ардагері, подполковник Роза Балгерейқызы Байбұлатова жолдады. Олар  ант қабылдау – әр мемлекеттік қызметшінің өміріндегі маңызды оқиға болып табылатындығын атап өтіп, жас мамандар қоғам мен мемлекеттің ерекше сенімін ақтап, өз міндеттерін адал және кәсіби біліктілікпен атқара отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі атағын абыроймен алып жүретіндігіне сенім білдірді.

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен өзінің қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшісі күнін мерекелеу құрметіне Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы Г.К.Саттарова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

           Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің алғыс хатымен адал еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі үшін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшісі күнін мерекелеуге байланысты Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпараттарды өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы Л.Н.Пахомова марапатталды.

        Қазақстандық отан сүйгіштікті насихаттау, мемлекеттік  қызметшінің оң имиджін қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің беделін көтеру ісіне үлес қосқандары үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Алғыс хаттарымен Департаменттің және аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері марапатталды.

Департамент басшысының Алғыс хаттарымен мемлекеттік кірістер органдарында ұзақ жылдар еңбек еткен, өздерінің кәсіби біліктіліктерімен, принципшілдігімен, белсенді өмірлік ұстанымымен жас әріптестері үшін үлгі болып жүрген мемлекеттік қызметтің ардагерлері де марапатталды.

 

                                                                                          Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті