Date of publication: 29.06.2015 17:55
Date of changing: 29.06.2015 18:13

2015 жылдың 18-19   маусымы  аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық құрамына арналған тренинг өтті.

Тренингті «Әлеуметтік-басқару технологиялары» кафедрасының профессоры,психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты Лейлә Өмірзаққызы Асылбекова  жүргізді.

       Үйрету тренингінің мақсаты-тыңдаушыларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әлеуметтік-экономикалық, басқару және дербес құзіреттілігін қалыптастыру және мемлекеттік қызметті,  жаңа кәсіби ортада  бейімделу үшін  ұтымды басқару мәдениетін  жетілдіру болып табылады.

Лекция барысында Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының басшылық құрамы іскерлік қарым-қатынас шеберлігін, сонымен қатар, қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін коммуникативтік құзіреттілік техникасын меңгерді.

Басқарушылық  және дербес құзіреттілікті дамыту үшін  интерактивті тәсілдер мен технологиялар пайдалану арқылы жүргізілген практикалық  сабақтар  үлкен пайда келтіргені күмәнсіз.

Екі  күнге созылған тренингке қастыушылар  өз қызметтерінде кәдеге асатын  болатын білім мен тәжірибеге ие болды. Тренинг жаттықтырушы  мен оған қатысушылар арасында тығыз өзара әрекеттестік  арқылы жеке тапсырмалар орындау мен оқиғаларды талдау, сабақтар алуға ұласты.

 «Сөйлеу шешендігі» тақырыбы бойынша тыңдаушылар   дауласу, диалог жүргізу, өзінің пікірінің дұрыстығына  тыңдаушыны сендіру білу өнерімен танысты.

             Оқытушының «Мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық қызметінің құзіреттілігі» тақырыбындағы  дәрістері де тыңдаушыларды бей-жай қалдыра алған жоқ. Көптеген  тыңдаушылар жаратылыстану,қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған және адамның дамуының оның нағыз қалыптасқан шағында, әсіресе осы дамудың жоғары сатысына жеткен кезіндегі жүйелілігі мен механизмдерін зерттейтін акмеология ғылымы туралы алғаш рет  осы жерде естіп, білді.

Сондай-ақ, тренинг барысында «Кәсіби қызметтегі басшының стресс-менеджменті» тақырыбы да қамтылған. Басшы үшін  стресстік жағдайлар оның жұмысының ажырамас бөлігі болып бара жатыр. Басқару жұмысында стрессорлар саны өте жоғары және мазмұны бойынша  санқилы болып келеді.

 Белгілі ғалым  сөйлеген сөздерін қорытындылай келе, мынадай ұсынымдарын айта кетті:

   -  кәсіби қызметте басшының жеке басы әлеуетін іске асыруда кемшіліктері мен абыройын қарастыру қажет;

-қызметке қабылдаған кезде, аттестациялау,басшылық лауазымына резервке қою кезінде немесе жұмыстан шығару кезінде белгілі болған, адамның құзіреттілік деңгейі туралы мәліметтердің  құпиялылығы мен этиканы сақтау;

- қызметкердің құзіреттік әлеуетін бағалауда әкімшілік тарапынан болатын »субъективтік факторлар»  әсерін барынша азайту.

  - жеке адамның өз деңгейін өзі бағалай біліп, кәсіби қызметте  мансаптық өсуі мен өзін-өзі дамытуына мүмкіндік беру қажет;

       Департамент қызметкерлерінің тренингтен алған білімдері мен машықтары біздің мемлекеттік органның пайдасына жұмыс жасап, мамандарға кәсіби деңгейде және тез арада алдарына қойған міндеттерді атқаруға көмектесетіні сөзсіз.

Тренинг соңында оған қатысушылар психометриялық тестілеуден өтті.

                                                                                              

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті