Жаңақала ауданында Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Кездесуге аудан кәсіпкерлері, бөлім басшылары, аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен мамандары шақырылды.
Жиында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы А.Әбжанов салық заңнамасындағы өзгерістермен таныстырып өтті. Сонымен қатар, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Р.Ибрагимов кәсіпкерге қатысты заң талаптарынан құлағдар етсе, әділет басқармасының басшысы Ф.Аманғалиева субьектінің тіркеу, қызмет көрсетудегі жеңілдіктер турасында егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кездесуде кәсіпкерліктің өсуі және одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздер қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ тұтынушылардың құқығын қорғау мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастық мәселелері талқыға салынды.
Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлердің сұрақтарына мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары жауаптар берді. Шараның аяқталуына қарай, кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер басқармасының атына оң пікірлер айтып, осы тектес шаралар алдағы уақытта да өткізілсе, деген пікірлерін білдірді.
Жаңақала ауданы бойынша МКБ