Date of publication: 15.05.2015 17:41
Date of changing: 15.05.2015 17:54

   Қазақстан Республикасында мүлiктi және капиталды жария ету акциясы 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2015 жылғы 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Көлеңкедегі капитал мен жылжымайтын мүлікті заңдастыру арқылы бұрын-соңды ресми түрде экономикалық айналымға енбеген мүлік пен капитал енді жарыққа шығады.

Бұл акцияға Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың қатысуға құқығы бар.

     Қазақстан Республикасы аумағында және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Мүлікті (капиталды) жария ету үш түрлі құрылымдармен жүзеге асырылады:

- Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – мемлекеттік кіріс органы;
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) –тұрғылықты жері бойынша атқару органдарының комиссиясы.

- ақшаны жария ету - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Казпошта АҚ.

Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiкті жария еткенi үшiн 10% алым алынады. Алымдар сомасы 206110 БСК төленеді.

2015 жылдың 5 мамырына облыс бойынша акция басталған күннен бастап 179 мүлікке өтініш түсіп, жарияланатын мүлік құны 1592,4 млн.теңгені құрады.

Жария ету қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрған  93 мүлік 988,7 млн.теңгеге, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша  1 мүлік 6,9 млн.теңгеге  және 33 млн.теңге ақша заңдастырылды.

Мүлікті заңдастыру 2017 жылы өтетін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жаппай декларациялауға дайындық болып табылады. Осыған орай оралмандар мен шетелдерде мүлкі бар азаматтар мүлік пен капиталды заңдастыруға асыққандары жөн.

 Толық ақпаратты www.minfin.gov.kz/irj/portal/anonymous сайтынан, сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша атқару органдары мен мемлекеттік кірістер аумақтық басқармаларынан біле аласыздар.

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті