Отан соғысындағы Ұлы жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы соғыс ардагері Қабдисат Құсайынұлы Ізбасов пен тыл еңбеккері Александра Петровна Яшковаға қонаққа барып қайтты.Басқарма мамандары ардагерлерді келе жатқан мейраммен құттықтап, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар тарту етті, сондай-ақ, үй жанындағы жерін жинастырып берді.Құрметті ардагерлер тағдыры туралы алған әсеріміз жөнінде жайраңдасқымыз келіп отыр.
Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдисат Құсайынұлы Ізбасов осы жылдың 15 маусымында 89 жасқа толады екен. Бұл кісі соғыстан кейін 40 жылдан астам уақыт Зеленов ауданының қаржы бөлімінде еңбек еткен. Құрметті еңбек ардагері жұбайы Нағима Еділқызымен 10 бала өсіріп, тәрбие берген. Баласы Сағынғали Қабдисатұлы Ізбасов әкесінің еңбек сапарын жалғастырып, Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында бас маман лауазымында еңбек етеді..
Соғыстың басталғаны туралы хабарды 15 жасар Қабдисат Кордон селосында орналасқан «День Красной Армии» колхозының алқабында жұмыс жасап жүргенде естіді. Замандастарымен шөп шауып, оны жинап-буып, бұқалармен мал фермасына тасып, колхозға көмек көрсетіп жүрген кезі екен. Соғыс басталды, осы сәттен бастап Қабдисат колхозда ел қатарлы еңбектенеді.
Осылай ауыр 3 жыл өтіп те қалды. Жас жігіт жасына қарамастан майданға аттануға ұмтылған, алайда жасына байланысты ілікпеді. Міне, 1944 жылдың 8 тамызында Қабдисатты Қызыл Армия қатарына шақыртып, Саратов кіші мамандарды даярлау зенит-артиллерия училищесіне жолданды. Жылдатылған оқу бағдарламасын өтіп, қыркүйек айының екінші жартысында 1861-зенит полкі құрамында II Украин майданының қарауына жіберілді.
Эшелондар Черновцы қаласына келді. Мұнда екі-екіден зеңбіректермен жабдықталған «студебейкерлер», жабдықтарды шаңақтарға тиеп, майдан шебі жағына аттанды.
Қазан айының аяғында полк Чоп стансасына жетті. Зенит қондырғыларын Тиса өзенінің бойына өткел жерлерде құрлықтағы әскерлерді жау авиациясынан қорғау мақсатымен орнатты.
Генерал лейтенант Плеевтің атты механикаландырылған корпусынын кешіп өту кезінде неміс ұшақтары пайда болды. Бірақ корпустың өзеннің арғы жағасына өтуіне неміс ұшақтары кедергі жасай алмады. Біздің зенит артиллерия жау жолын бөгейтін атысымыздың астында қалып, неміс бомбалаушылары залал шегіп, кері қайтты. Бұл Қабдисат Құсайынұлы Ізбасовтың ең алғаш та ауыр ұрысы болды. Осы ұрыстағы ерлігі үшін Ізбасов пен оның жауынгер жолдастары марапатқа ұсынылып, ефрейтор Ізбасов «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен наградталды.
1944 жылдың 12 желтоқсанында Будапештты босатудың ІІ кезеңі басталды. Эшелондарды өткізу үшін Чоп стансасынан бастап теміржол бойы төсемін кеңес стандарттарына сәйкестендіріп тігу басталды. Қабдисат Құсайынұлы қызмет еткен дивизионды екінші танк армиясына бекітті. Объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігін қорғау бойынша күн сайын ұрыстар болып жатты.
1945 жылдың наурыз айында Балатон көлінің аумағында зенитшілер жоғарыдан штаб дивизионның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырды.
Аспанда кеңестік жойғыш пайда болып, борттан белгісіз затты тастап кетті. Бұл дивизион орналасқан жаққа 40 неміс танкілері келе жатқаны туралы хабарлама болып шықты.
Штабтың басқаруында 18 зеңбірек, ұшақтарды ататын 10 танкі ғана болған. Осы ұрыста алғаш рет зенит танкілерінен ұшақты емес, тікелей нысаналаумен жау танкілері атқыланды. Нәтижесінде жау танклерінің барлығы да жойылды.
Сонымен қатар тыл ардагері Александра Петровна Яшкованы да атап кеткен дұрыс болар. 2015 жылдың 27 сәуірінде Александра Петровна 84 жасқа толды. Батыс Қазақстан облысы Кирсаново ауылында дүниеге келді. Ол 1937 жылы ата-анасымен тұрақты қоңыстану үшін Бөрлі ауданының Аралтал ауылына көшіп келді. Ұлы Отан соғысы кезінде тракторшы, комбайншы болып еңбектенді.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі күш жетерлік жұмысы үшін Владимир Ильич Лениннің 100 жылдығы құрмет мерекесіне орай 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2004 жылы «Ұлы Отан соғысына 60 жыл» мерейтойлық медаліне, 2010 жылы «Ұлы Отан соғысына 65 жыл» мерейтойлық медаліне және 2015 жылы «Ұлы Отан соғысына 70 жыл» мерейтойлық медаліне ие болды..
Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық соғыс ардагерлерін құттықтап, бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз, тыныштық пен ашық аспанымыз үшін алғыс білдіреді.