Бұл кұндері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай соғыста қан кешіп жүріп, жеңісті жақындатқан ардагерлерге қамқорлық ерекше қолға алынуда.
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы А.Ж. Жақанов Ұлы Отан соғысының ардагері Е.Е. Юсуповтың шанырағында болып ардагерге сыйлықтарын табыс етті.
Жанақала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Қартабаев бастаған ұжым аудан орталығында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері М.Мирмановтың жанұясында болып, ардагердің 1942 жылдан бастап жауынгерлік жолдары туралы қызықты да тартымды әнгімесін тыңдады. Бүгінде немере, жиен сүйген әулеттің үлкені Мұрат ағамыз осындай үлкен мереке қарсанында құттықтай келген ұжымға алғысын білдіріп, ұрпақтың өсуі, амандығы күн сайын тілегім, ел аман, аспанымыз ашық , дүниеде бейбітшілік болғай, - деген тілегін білдірді.
Бөкей ордасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері соғыс ардагері Камал Нарбулов карияға шынайы көмек көрсетуді ұйымдастырып, ауласына алмұрт ағаштарын отырғызды, шағын сыйлықтарын және гүл шоғын табыстады.
Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ұжымының атынан Басқарма басшысы А.Жоламанов Жусандай ауылының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Ихсанов Фазыл ақсақалдың шанырағында болып , мерекемен құттықтап, сый сипаттарын жасады. Ардагер жауынгерлік жолын 1943 жылы Орeл қаласында бастап, артиллерия полкінде зеңбірік көздеуші болғандығын, Житомир, Львов, Старый Константинов қалаларын жаудан азат еткенін айтып өтті.
Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасының қызметкерлері тыл ардагері Зинат Ыбыраш қызы Букинаны үйінде марапаттады.
Осындай акция-шаралар басқада құрылымдық бөлімшелерменде өткізілді.
БҚО бойынша МКД