Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті техникалық себептер бойынша жүйені жаңартуға байланысты «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі 2025 жылғы 16-мамырда сағат 19:30-дан 17-мамыр 13:00-ге дейін қолжетімсіз болатынын хабарлайды.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
Бұл ретте, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін еске саламыз:
- 2025 жылғы 17 мамырдан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2025 жылғы 19 мамырдан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.