Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтар сомаларын төлеу, сонымен бірге міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомаларды аудару уақыты 2017 жылдың 25 ақпанында өтті.
Уақытында аударылмаған салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар соммалары мемлекеттік кірістер органдары мэжбүрлеп өндіріп алу тәртібімен өндіреді және салық төлеушімен (салық агентімен) әр кешіктірген күніне есептелген өсімпұлмен аударылады.
Бүдан басқа, мемлекеттік кірістер органдарының талаптарын орындамаган жағдайда, Қазақстан Республикасы зейнетақы қамтамасыз ету жэне элеуметтік сақтандыру туралы заңнамаларын бұзғанда мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасынын «Әкімшілік құқық бүзушылық туралы» Кодексіне сәйкес экімшілік шаралар қолданады.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылудан жалтару және мемлекеттік кірістер органдарымен берешектерді өндіріп алу шараларын қолданбау үшін салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар сомаларын уақтылы төлеу қажет.
Әрекет ету мақсатында салық төлеушілер «Салық төлеушілер кабинеті» web- қосымшасындагы барлық хабарламаларды үнемі қарап, мемлекеттік кірістер органдарымен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық аударылганы бойынша салыстыру жүргізу керек.
Сонымен катар, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында тоқсан сайын салық жэне бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер бойынша берешектері бар заңды түлгалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімдері орналастырылатынын хабарлаймыз.
Салықты уақтылы төлеуді үмытпауыңыз қажет, бұл облыс пен мемлекетіміздің тұрақтылыгы мен өркендеуінің кепіл болып табылады.