Date of publication: 29.04.2015 11:54
Date of changing: 05.05.2015 14:47

Көктемнің келуімен қатар Батыс Қазақстан облысының еңбек ұжымдары да  сенбілік шараларға өз үлестерін қосып,  қала ішін қысқы қалдықтардаран арылтты.

Бұл шарадан Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де   тыс қалған жоқ.

Тазалық шарасына облыстық, қалалық мекемелермен қатар аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері де үлкен белсенділік танытты.

Олар облыстық департаменттің, қалалық , аудандық басқармаларының маңайларында  шашылған жапырақтарды, қар астынан шыққан  күл-қоқыстарды жинады.

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының ұжымында бұндай сенбіліктер дәстүрлі, өйткені әрбір қызметкер ескертусіз тазалық жұмыстарға белсенді қатынасып отырады.

 

Бұл қоғамдық орын, сондықтан  жұртшылық көр шоғырланатын қоғамдық орын таза болуы тиіс.

Қаламызды тазалауға белсенді қатысу арқылы біз облысымыздың экологиялық жағдайын жақсартамыз. 

БҚО бойынша МКД-нің баспасөз қызметі