Date of publication: 23.02.2017 16:18
Date of changing: 23.02.2017 16:29

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде құрылымдық бөлімдердің 2016 жылғы жұмысы қорытындыланып,   басым бағыттар бойынша ағымдағы жылы алда тұрған міндеттері анықталды.

Коллегияны аша отырып, Департамент басшысы А.Ж. Жақанов өткен жылдың барлық бағыттар бойынша оң көрсеткіштермен аяқталғанын атап өтті. Республика бойынша жергілікті бюджет жоспарын  алдыңғылардың бірі болып орындап, республикалық бюджет  жоспары да асыра орындалды.

Соңғы үш жылда  барлық күш жігерді сала отырып қосымша резервтермен қамтудың  ең жоғары көрсеткішіне қол жеткізілді. 2014 жылы бұл көрсеткіштер -7 млрд.теңгені  құраса, 2015 жылы-14 млрд. болды. Өткен жылдың аяғында бұл көрсеткіштер 20 млрд. теңгеден асты.

Кеден бағыты бойынша кедендік құнның  тиімділік коэфициентін 1,5 есе өсуге қол жеткізіліп, тексерулер тиімділігі 3  пайызға артты.(2015 ж.-0,2%). Экономикалық тергеу қызметі сотқа дейінгі тергеулер сапасын арттыруды қамтамасыз етті, істерді аяқтау бойынша  көрсеткіш -71 % болып, республикалық  орташа көрсеткіштен асып түсті ( 60 %).

 Кірістер комитеті  тұлғалардың конституциялық құқығын бұзбау,орта және шағын бизнес әрекетіне заңсыз  араласу фактілерінің болмауы сияқты  жақсы  көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап көрсетті. Бір сөзбен айтқанда,  жалпы өткен жылмен салыстырғанда  басым бағыттар бойынша барлық көрсеткіштер жоғарылап, республикалық рейтингте департамент екінші орынды  имемденді. Солай бола тұра, департамент басшысы проблемаларға сын көзбен қарап, оларды жоюда бірлесе күш салу керектігіне баса назар аударды.

       Кеңесте Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауында кәсіпкерлікті қорғау, бизнес ортасының одан әрі дамуына қажетті жағдай жасау, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларды  ізгілендіру, салық заңнамасын жетілдіру туралы  баса айтылды.

       Коллегияда сөз алған департамент басшысының орынбасарлары мен  басқармаларының  басшылары   басым бағыттар бойынша резервтерді табу жолдары туралы, алда тұрған міндеттерді орындау үшін әр қадамды есептеп, жұмыстың тиімділігін арттыруда әр маманға жүктелген міндеттерді реттеп  отыру қажеттігін айтты.

Республикалық және жергілікті бюджет жоспарларын  бұлжытпай орындау бойынша, салықтық және кедендік әкімшілендірудің деңгейін көрсететін барлық көрсеткіштердің динамикасының өсуін қамтамасыз ету, көлеңкелі экономика мен жалған кәсіпкерлікпен күрес шеңберінде құқық бұзушылық пен қылмысты анықтауға бағытталған жұмысты жандандыру туралы нақты тапсырмалар берілді.

         Мемлекеттік кірістер органдарына халықтың сенімі деңгейін арттыру бойынша нақты  шаралар алу қажеттігі, көрсетілегтін қызметтер сапасын  жақсарта түсу, берешектерді азайту мен банкроттау үрдісінне бақылауды күшейту, құрылымдық бөлімшелердің жеке құрамы арасында  сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу бойынша кешенді жұмыстар жүргізу қажеттігі, түсіндіру жұмыстары сапасын  жетілдіру, рейтингтік көрсеткіштердің жоғары динамикасына қол жеткізу туралы баса айтылды.

 

  

 

              БҚО  бойынша МКД