Date of publication: 22.02.2017 18:55
Date of changing: 22.02.2017 18:56

 

Қәзіргі уақытта «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына (әрі қарай – Бұйрық)   біріктірілген 200.00 нысанды салық есептілігін  және оны толтыру ережелерін қолданысқа ену мерзімі бөліміне өзгертулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының  «Құқықтық актілер туралы» заңының 11 бабының 3 тармағына сәйкес, егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады.

Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

Жоғарыда жазылғанға сәйкес, Бұйрыққа енгізілетін өзгерістердің күшіне енгенге дейін, салық агенттерінің Қазақстан азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша салық есептілігін ұсыну міндетерін орындау мақсатындаБұйрықпен бекітілген 200.00 және 210.00 нысандарын тапсыруы, Салық кодексінің 584-бабына сәйкес салық агенттерінің міндетерінің орындалуы деп саналады.

Бұйрыққа енгізілетін өзгерістердің күшіне енгеннен кейін салықтық міндеттемені орындағанда, біріктірілген  200.00 нысанды салық есептілігін тек қана салық есептілігін ұсынбаған салық төлеушілер тапсырады, аталған міндеттеме салық есептілігін 200.00 және 210.00 нысандарында тапсырып қойған салық агенттеріне таратылмайды.

 

БҚО бойынша МКД.

.