Date of publication: 25.04.2015 12:12
Date of changing: 25.04.2015 12:14

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен  Қазақ хандығының 550 жылдығына,  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына  арналған мемлекеттік кірісітер  органдарының арасында  1-спартакиада ұйымдастырылды.  

          Бұл Спратакиаданың негізгі мақсаты орталық және аймақтық деңгейде ұжымдар мен қызметкерлерді жұмылдыру, қызметкерлердің арасында салауатты өмірді насихаттау және  спорт пен ден шынықтыруды дамыту болып табылады.

          Мемлекеттік кірістер органдарының 1- Батыс аймақтық спартакиадасы Орал қаласында өтті.

         Елімізге және халыққа маңызды осы  шараларға арналған жарыстар  жастар үшін ептіліктің, спорттық шеберліктің, жігерліктің нағыз сынағы болды.

Елбасы Н.А. Назарбаев  әр Жолдауларында тәуелсіз тарихымызды ұлықтау, Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіру, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету қажеттілігін айқын көрсеткен.

Біздің ел  алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына кіру үшін  экономикалық  факторлармен  қатар әлеуметтік жағдай, рухани байлық және біздің халқымыздың салауатты өмірді қалыптастыру мәселелері де маңызды болып табылады.  

 

Жарысқа 4 команда қатынасты: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары  бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменттері.

 

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің залында Спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.

Жарыстардың салтанатты ашылуында Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Ноғаев, мемлекеттік органдардың уәкілдері, еңбек ардагерлері спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі. 

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Ноғаев өз сөзінде алғаш рет өткізіліп отырған Спартакиада мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің спорт шеберлігін нығайтумен қатар, мемлекеттік бюджетті толтыруда, экономикалық қауіпсіздікті қорғауда, экономикалық қылмыстармен күресуде   жаңа күш беретінін атап өтті

 Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Ж. Жақанов спортшыларды құттықай отырып, өңір тарихына қысқаша тоқталып өтті.

Ұлы Отан Соғысы жылдары Орал Сталинград майданының ең жақын тылы болғанын, Орал қаласына қорғанысқа қызмет ететін  14 өнеркәсіптік кәсіпорын, 20 әскери госпиталь көшіп келгенін,  сонымен қатар 39 батысқазақтандық Кеңес Одағының батыры деген атаққа ие болғандарын да жеткізді.

Батыс Қазақстан көп деген өнер және спорт шеберлерінің де мекені: композиторлар Дина Нүрпеисова мен  Дәулеткерейдің, әйгілі театр әртісі Хадиша Бөкееваның, жазушы-ақындар Хамза Есенжановтың, Таир Жароқовтың, Жұбан Молдағалиевтің және Қадыр Мырза Әлінің. 

Қазақ драма театрының әртістерімен дайындалған театрланған көріністе Қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы сарқылмас еңбектері де орын таба білді.

Сонымен қатар, Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның биші ұжымдары мен жас гимнасшы спортшылар да өз өнерлерін ортаға салды. 

Жарыстар Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі,  «Орал»,  «Энергия»  спорт кешендерінде,  теннис орталығында және спорт тирінде өте жоғары денгейде өтті.

Спортшылар келесі спорт түрлері бойынша жарысқа түсті:  волейбол, шағын-футбол, үстел теннисі, шахмат, қазақша күрес,  әскери қарудан ату және «Әкем, анам  және мен-  спорттық жанүя » көңілділер сайысы.

Бұл Спаратакиада да әр түрлі спорт бойынша ең мықтылар анықталды, барлық командалар тамаша ойындарды көрсете білді.

Ерлер арасындағы волейбол, әскери қарудан ату және шахматтан тамаша ойын көрсеткен Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  командасы 1- жалпы орынға ие болса,  шағын-футбол, үстел теннисі, «Әкем, анам  және мен-  спорттық жанүя » көңілділер сайысында озып шыққан Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы екінші орынға иеленді. Ал жалпы үшінші орын Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасына бұйырды, олар әйелдер арасындағы волейбол мен қазақша күрес бойынша  1 орындарға иеленді.

    Спорттың барлық түрлері бойынша жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен мақтау қағаздары, сондай-ақ «ең үздік техника», «әдемі ойын», «жеңіске деген ынта», «көрермендер көз айымы» деген номинациялар бойынша да үздік өгнер көрсеткен спортшыларға да сыйлықтар табысталды .

Аймақтық Спартакаиада арқылы  Республикалық финалға қатынасу үшін мықты спортшылар анықталды.

Спартакиаданың жабылуында БҚО бойынша МКД басшысы А.Ж. Жақанов  Орал қаласында өткізуге сенім артқан  ҚР ҚМ МКК басшылығына өз алғысын білдіре отырып, жеңімпаздарды құттықтап, аймақтың үмітін арқалаған спортшыларға  жолдары жеңісті болып, Астана қаласында өтетін республикалық додада жоғары жетістіктерге жетеді, өлкеміздің абыройын өркендетеді деген сенімін білдірді.  .  

 

                                                            Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірстер департаментінің баспасөз қызметі