Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ұзақ жылдар бойы жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста салық саласындағы мамандарды тәрбиелеуге атсалысуда.
Жәңгір хан атындағы және Махамбет Өтемісұлы атындағы университеттерінде салықтық лабораториялар құрылып, оларда департамент мамандары іскерлік ойындар, олимпиадалар,машықтық сабақтар өткізеді.
27 наурызда М.Өтемісұлы атындағы университеттің »Есеп және аудит» және «Қаражат» факультеттері студенттерімен «салық инспекторы» атты іскерлік ойын өткізілді. Ойынға «Апельсин» және «TEXS» командалары қатысып, оларға «менеджмент»,Қаражат» «ГМУ» және туризм» факультетерінің студенттері жанкүйер болды.
Ойын 5 раундтан : сәлемдесу,шағын викторина,салық мен салық салу элементтерінің ара қатынасы, тапсырма бойынша салық есептеу, «өз салығым» атты мини жобадан құралған.
«Сәлемдесу» бойынша командалар логотипін және лозунгтерімен таныстырды. Шағын викторина кезінде қаржы,бюджет және салық салу бойынша 20 сұраққа жауаптар берді.
Командалар тапсырмаларды орындап жатқан кезде жанкүйерлер де қарап отырмай, олардың арасында конкурс жарияланып ребустар шеумен айналысты. Мини жоба раунды бойынша студенттер өздері дайындаған роликтерді көрсетті.
Әсіресе, бір студенттің 19-20 ғасырларда әлемдегі мемлекеттерде шығарылған салық түрлері туралы айтып бергені қызық болды. Сонымен қатар,студенттер қала тұрғындарымен жүргізген «Тауар сатып алғанда чек талап етесіз бе?» атты сауалнама ролигі көрсетілді.
Студенттердің салық саласындағы білімі мен білімпаздығын «Есеп және қаражат» факультетінің оқытушылары мен кафедра меңгерушісі және БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру басқармасының басшысынан құралған жюри бағалады.
Ойын нәтижелері бойынша 1 орынды «Апельсин» командасы иеленді.
БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті атынан 1 және 2 орын алған командаларға, үздік капитан мен білімпаз студентке тапсырмаларды үздік, толық орындағаны үшін дипломдар табысталды.
БҚО бойынша МКД