Date of publication: 29.12.2016 13:19
Date of changing: 29.12.2016 13:20

         Мектеп және мектепке дейінгі мекемелер оқушыларына, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, тыл және соғыс ардагерлері отбасыларына қайырымдылық пен қамқорлық жасау   Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің   дәстүріне айналған.

               Тек  ағымдағы жылы  Жеңіс күні, Қарттар күнін,Білім күндерін тойлау аясында, «Мектепке жол», «Тәуелсіздіктің 25- жылдығына 25 қайырымдылық іс» іс -шараларын өткізуде 20 дан астам қайырымдылық акциясына қатысты.

                27 желтоқсан күні  Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Н.С.Абдулов бастаған департамент өкілдері     облыстық балалар үйіне барды.

                Мекеменің директоры Р.И. Наурызова оқу-тәрбие  үрдісіндегі оқушылардың жеткен жетістіктері туралы айтып берді.

                Қонақтар болса департаменттің  қол жеткізеген жетістіктері туралы, бюджетті толтырудағы қосқан үлестері туралы  оқушылар мен мекеме қызметкерлеріне айтып, оқушыларды Жаңа жылмен құттықтай отырып, қысқы каникул кезінде қызықты да мағыналы демалыс, оқуда озат болуды тіледі.

              Департамент қызметкерлері ала келген тәтті тағамдар балалардың мерекелік үстелін  жайната түсері сөзсіз.

              Мекеме тәрбиеленушілері күшімен дайындалған концерт   өте қызықты да тартымды  болды.

 

 

                                                                                                       БҚО бойынша МКД