Date of publication: 22.04.2015 16:14
Date of changing: 22.04.2015 16:16

 Кездесу барысында фискалды жады бар БКМ қолдану мәселелері, оның ішінде  2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік кірістер органдарына ақша ақшалай есеп айырысу туралы жедел мәліметтерді жеткізу функциясы бар БКМ қолдану, POS-терминалдарды қолдану тәртібі, «Чек талап ет!» акциясының басталғаны туралы, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару туралы  айтылды. Салық төлеушілерді өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару туралы сұрақ әсіресе қызықтырды. Бұл туралы мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің басшысы Дина Жангереева: «Салық төлеушілердің дербес шоттарында 2014 жылдың 1 қаңтарына есептелген және 2014 жылдың 1 қазанына дейін төленбеген өсімпұлдар есептен шығарылуға жатады. Сондай-ақ, 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін кәсіпкерлерге  салынған, төленбеген айыппұлдар да есептен шығарылуы тиіс. Бұған салық салу, міндетті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру заңнамалары бойынша құқық бұзушылықтарға қатысты сакциялар кіреді.»-деп түсіндіріп өтті. 

Мұндай салық  рақымшылығы жеке тұлғаларды қоса алғанда барлық салық төлеушілерді қамтиды. Тек мониторингтегі ірі салық төлеушілер, халықаралық арбитражда салық міндеттемелерін орындау бойынша  істері қаралып жатқан жеке кәсіпкерлер, жер қойнауын пайдаланушылар, ойын бизнесімен айналысатын, акцизделетін өнімдерді өндірушілер ғана бұған қатыса алмайды. Сонымен бірге,  берешектің негізгі сомасы міндетті түрде төленуі тиіс.

Департаменттің заңгерлік басқармасының бас маманы О.Куликова ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті.

       Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен басталған «Чек талап ет- сыйақы ұтып ал!» акциясының басталғаны туралы Орал қаласы бойынша МКБ түсіндіру бөлімінің басшысы Самал Ахметова  айтып өтті.  Өз кезегінде  ол қала және облыс тұрғындарына аталған акцияға белсене қатысуға шақырып, 10 бақылау-касса чегін ойын купонына айырбастауға болатын айырбастау пункттерін атады.

Кездесу аяғында «Тату» шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау ассоциациясының директоры Қайырғали Сұлтанұлы Идиятов департаменттің өкілдеріне кездеуге қатысқаны үшін алғысын білдіріп, «СитЦентр» ОСО-да орналасқан айырбастау пункті бар екеніне көңіл аудара отырып, кешен басшылығы тарапынан аталмыш акцияға қатысуға сатушылар мен сатып алушыларды жұмылдыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін айтты.

 

        БҚО бойынша МКД